«Жәрдем» медициналық пойызы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралайды

10 Сәуір, 09:42 1644

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көлік медицинасы ұйымдастырылды,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Samruk-Kazyna Trust КҚ "Медициналық пойыздар" жобасы шеңберінде жауапкершілікті күшейту және өзара іс-қимылды нығайту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Медициналық пойыз ауыл тұрғындарына медициналық зерттеп-қараулардың, диагностикалық қызметтердің, арнайы мамандардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді және емдеуге жатқызуға жолдама ала алады, – деді денсаулық сақтау министрі. 

Су тасқынына байланысты зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылады.

Алдын ала биыл профилактикалық қарап-тексерулерді, скринингтік зерттеулерді, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, бейінді мамандардың консультацияларын, зертханалық-диагностикалық қызметтерді, ЭКГ, УДЗ, флюрографияны қоса алғанда, 1 млн медициналық қызмет көрсету жоспарлануда.

Өз бағыты шеңберінде медициналық пойыз 140 станцияға барады, онда 92 мыңнан астам адам зерттеліп-қаралып, емделетін болады, дәрігерлер 100 мыңнан астам қабылдау өткізеді.

Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: