"Жақсы адам болдыңыз": Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты

14 Қараша 2023, 09:43 3414

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қош болыңыз, Болат аға! Біліп-білмей істеген күнәңізді Алла кешірсін! Сіз мен үшін жақсы адам болдыңыз, - деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Айта кетейік, 13 қарашада Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды, - деп жазды Айдос Үкібай.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты.  Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: