Жапонияның Хонсю аралының жағалауында жер сілкінісі болды

19 Тамыз, 06:33 440

Еуропа-Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығы Хонсю аралының жағалауында 5,0 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, зілзала ошағы 246 мың адам өмір сүретін Мито қаласынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан.

Ошақ 35 шақырым тереңдікте болды.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: