Жапонияда коронавирус инфекциясынан соңғы тәулікте 500-ге жуық адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
24 сағат ішінде 230 мыңнан астам адам індет жұқтырған.
Сарапшылар вирусқа шалдыққандар саны қаңтардың екінші жартысында бұдан да көп болу ықтималдылығын болжап отыр. Ауру жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші күніне 450 мың адамнан асуы мүмкін.
Жапонияда пандемияға байланысты шектеу шаралары жоқ. Алайда қоғамдық орындарда маска тағу талап етіледі.