Жапония үкіметі отставкаға кетті

1 Қазан, 09:41 393

Фумио Кисида бастаған Жапония үкіметі отставкаға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кисида отставкаға кететінін тамыз айында мәлімдеген. Бұған оның төмен рейтингі мен билік партиясындағы дау-дамай себеп.

Бүгін, 1 қазанда, парламент елдің жаңа үкімет басшысын сайлауы қажет. Бұл лауазымға Сигэру Исиба келеді деген болжам бар.

Кисида Үкімет басшысы лауазымын 2021 жылғы қазан айынан бері атқарып келді. Ол Жапонияның жүзінші премьер-министрі болды. Бұған дейін ол ұзақ жыл Жапония Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: