Жапония мен Кореядағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады

6 Қазан, 03:15 480

Қазақстанның шетелдегі референдум учаскелерінде атом электр станциясын құру мәселесі бойынша дауыс беру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ең бірінші болып қазақстандықтардың Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Сеулде №390 және Токиода №393 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 4:00-де) дауыс беру үшін бірінші болып ашылды. Аталған екі елде уақыт белдеуінің айырмасы 4 сағатты құрайды.

Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жүйелі түрде берілетін болады. Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған,-делінген СІМ мәліметінде. 

Перизат Саденова
Бөлісу: