Жануарлардан жұғатын инфекциядан болатын өлім-жітім 12 есе өседі – зерттеу

7 Қараша 2023, 12:28 900

Жануарлардан адамға таралатын қоздырғыштар қазіргі эпидемиялардың көпшілігін туындатып отыр. Ғалымдардың болжамы бойынша  жануарлардан тарайтын ауру климаттың өзгеруіне байланысты көбейеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

BMJ Global Health журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, жануарлардан адамға тарайтын инфекциялардың төрт түрі  «экспоненциалды қарқынмен» өсіп келеді және 2050 жылы 2020 жылғымен салыстырғанда 12 есе көп өлім-жітім әкелуі мүмкін.

Зерттеушілер 60 жыл ішіндегі эпидемиологиялық деректерді талдағаннан кейін осындай болжам жасап отыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: