Жансейіт Түймебаев ұлы ойшылдың 37-қарасөзін оқып, #ABAI эстафетасын жалғастырды

19 Шілде 2019, 11:32 4400

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысы Ләйлім Ерланқызынан қабылдап, көпшілікке жолдаған хакім Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны Қазақстан халқы Ассамблеясы қызу жалғастыруда. 


Бүгінгі таңда челленджді қолдап, қазақ тілінде ақын өлеңдерін оқыған этнос өкілдерінің саны жүзден асты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев этно-мәдени бірлестіктерді ары қарай ынталандыру мақсатында ұлы ойшылдың 37-қарасөзін оқып, #ABAI  эстафетасын жалғастырды.

Бөлісу: