Жаңқош Тұраровтың чемпиондық айқасын ұйымдастырғандардың басы дауға қалды

7 Сәуір 2023, 18:30 1486

Жаңқош Тұраровтың чемпиондық айқасы өткен Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған Movida Promotions компаниясы лицензиядан айырылды. Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Movida Promotions компаниясының негізін Әлімжан Қалдияров қалаған болатын. Ол промоутер ғана емес, сонымен қоса, Жаңқоштың менеджері екенін де айта кетейік. 

Айта кетейік,  Алматыда өткен бокс кешінде қазақстандық спортшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жек өткізіп, мексикалық қарсыласын жеңген болатын. Ол кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем белбеуін жеңіп алды. 

EL.KZ
Бөлісу: