Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

6 Қараша, 13:20 618

Жанқош Тұраровқа қатысты іс келесі апта қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында Facebook әлеуметтік желісінде Әнару Қалдыбектің адвокаты Ляззат Ахатова пост жариялады.

Бірақ жәбірленуші тарап алдыңғы істің қысқартылғаны туралы заңсыз шығарылған қаулыны жарты ай уақыт өтсе де әлі алмаған.

БАҚ-та жария болғанының нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас Прокуратура қызметкерлерінің  жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық. Сонда да қайтадан “крышаларын”, депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Біздің елдің органдарын, заңының қалай жұмыс істейтінін білгесін, “жаман айтпай, жақсы жоқ” дегендей, ондай күдіктің болуы да заңдылық,  – деп жазды құқық қорғаушы.

Бұған дейін танымал боксшыға қатысты істің тоқтағанын жазған едік. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: