Жәния Джуринская екінші баласына аяғы ауыр екенін мәлімдеді

17 Қазан 2023, 18:43 1262

Актер Данияр Хизметовпен шаңырақ көтерген актриса Жәния Джуринская оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Актриса әлеуметтік желіде өзінің екінші баласына аяғы ауыр екенін мәлімдеді.

Біздің бақытта отбасымызға +1. Күтпеген жаңалық болды, бірақ біз сені асыға күтудеміз, жүрегім менің. Көңілді болатынын сезіп тұрмын, - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары өнер жұлдыздарын қуанышты жаңалықпен құттықтап, сәбидің аман-есен дүниеге келуін тілеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: