Жәния Бекмұхамбетова Түркиядағы турнирде екі медаль жеңіп алды

17 Ақпан, 03:22 589

Үстел теннисінен қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова Түркияда өткен WTT Youth Contender турнирінде екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҰОК мәліметінше, 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста отандасымыз Жәния Бекмұхамбетова күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ, ол 15 жасқа дейінгі қатысушылар арасындағы бәсекеге де қатысып, қола жүлдегер атанды.

Асқар Таудай
Бөлісу: