Жәния Бекмұхамбетова Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

9 Желтоқсан, 23:12 376

Астанада үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнирдің жеңімпазы 11 жастағы Жәния Бекмұхамбетова. Спортшы үлкен жастағы қарсыластарымен жарысып, нәтижесінде Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей, жұптық және аралас санаттарда алтын медаль жеңіп алды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Жәния әлемдік рейтингте (U11) екінші орында тұр.

Сонымен қатар Марлен Жұмағұл Қазақстан чемпионатында үш рет ең жоғары сатыға көтерілді. Екі алтын медальді Қарағандыдан келген Мария Лукьянова мен Абай Жұмағұл жеңіп алды.

Перизат Саденова
Бөлісу: