«Жәнібектің анасы кім?». ДНҚ тестерінің нәтижесі шықты

23 Қаңтар, 13:40 4820

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібектің анасын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Қымбат Досжан болжамды екі ананың тесттерінің нәтижесін мәлім етті.

Болжамды 2 анадан алынған тест нәтижесі тағы да 0%. Әрі қарай кеттік. Жәнібек, сенің кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз, - деп жазды журналист.

Бұған дейін Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баламен аттас тағы бір баланың табылғанын айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: