Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жектен кейін қарсыласымен түскен суреті жария болды

15 Қазан 2023, 16:58 647

Кәсіпқой бокстан WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек аяқталғаннан кейін қарсыласымен бірге түскен суреті жария болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Бүгін таңертең Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде германиялық Винченцо Гуалтьериді жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңген болатын. Осылайша ол IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанған еді. 

Жекпе-жек тәмам болған соң отандасымыз Винченцо Гуалтьеримен ринг сыртында қол алысты. Осылайша фотоға түсіп, арнайы рәсім жасады. 

Даңқты боксшыны жеңісінен кейін мемлекет басшысы арнайы құттықтаған болатын. 

Асқар Таудай
Бөлісу: