Жәнібек Әлімханұлының кездесуінде Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды

4 Қазан, 16:04 551

Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичтің арасындағы Сиднейде (Австралия) өтетін жекпе-жек алдында жағымсыз оқиға болды. Ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы рингке шыққаннан кейін ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосқан. Жәнібектің командасы бұл қателікке ұйымдастырушылар назарын аудартуға тырысқанымен, еш нәтиже болмады. Еліміздің қолданыстаңы әнұраны қосылмағандықтан, бұл жағдай аренаға жиналған қазақстандық жанкүйерлердің наразылығын тудырды. 

Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлының Австралиядағы дебюттік кездесуі және 2023 жылдың қазан айынан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: