Жәнібек Әлімханұлы қарсылас таңдап, мәлімдеме жасады

8 Желтоқсан 2023, 09:20 1391

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда WBC белбеуінің иесі америкалық Джермалл Чарломен біріктірілген айқас өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұрағым бар. Сонымен Чарло менімен төбелесе ме, төбелеспей ме? WBO/IBF мен WBC-ді сарапқа салатын айқас өткізейік! - деп жазды Әлімханұлы.

Өткен айда Джермалл Чарло 2021 жылдан бері алғаш рет шаршы алаңға оралып, төрешілердің ортақ шешімімен кіші Хосе Бенавидесті жеңді, сонан соң Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: