Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) Астанада чемпиондық атағын қорғайтыны туралы жазғанбыз. Бұл кездесу 2025 жылғы 5 сәуірде өтеді. Осыған орай боксшы жанкүйерлеріне арнап үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса, 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз!
Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! Бұйыртса, екі әлем чемпионы титулын қорғаймыз!
Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік! – деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, Жәнібектің қарсыласы – франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО).