Қазгидромет синоптиктері 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мәліметінше, 14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында қар және қар аралас жаңбыр жауады.
Республика бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі, кей уақытта жел күшейеді. Ал температура фонында қатты өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.