Жаңбыр, найзағай, жел: Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

28 Қыркүйек 2023, 08:30 724

«Қазгидромет» синоптиктері ел аумағында 28 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста екпінді жел күтіледі, - делінген ведомство хабарламасында.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: