Жаңару күнінде Түркістан облысында 80 мыңға жуық ағаш егілді

20 Наурыз, 05:25 747

Жаңару күнінде Түркістан облысында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен ағаш егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурызнама онкүндігіне сәйкес, Түркістан облысы бойынша 80 мыңға жуық көшет егілді.

Наурыз мейрамы қарасыңында облыстың барлық аудан, қалаларында көктемгі ағаш егу дәстүрі жүзеге асырылып, елді мекендерде егілген ағаштардың басым бөлігін терек, қарағаш, үйіңкі, арша, сириялық раушан, шаған сынды жергілікті климатқа бейімделген ағаштар құрайды.

Көшеттер облысқа қарасты 17 аудан, қаланың саябақтары мен гүлзарларға, сонымен бірге елді мекендерді қосатын жол бойлары, мектептер мен орталық көшелерге отырғызылды. Оған қала әкімдіктерінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар, жергілікті тұрғындар белсене қатысты.

Алдағы уақытта облыстың елді мекендерін көгалдандыру жұмыстары жалғасады.

Перизат Саденова
Бөлісу: