«Жаңартулар жүргіздік». Egov.kz мәлімдеме жасады

1 Наурыз, 14:00 911

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталы мен egov mobile-да болған ақауға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілді. Біз «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ контурындағы 64 ақпараттық жүйе орналасқан 11 мыңнан астам виртуалды серверлер бойынша (eGov.kz порталы, egov mobile мобильді қосымшасы, e-license порталы, «Е-Нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, «Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі», «e-Otinish» электронды үндеу қызметі және т.б. ақпараттық жүйелер) жаңартулар жүргіздік, - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі ақпараттық жүйелер бойынша осындай жұмыстарды жүргізді.

Жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді. «Цифрлық құжаттар» сервисінде деректердің дұрыс көрсетілмеуінің жеке жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта біз барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз және ағымдағы деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: