Жаңаөзенде үйінділер астынан тағы екі адамның денесі табылды

17 Сәуір 2023, 12:11 984

Жаңаөзенде тұрғын үйде болған жарылыстан көз жұмғандар саны үшеуге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін 1994 жылы ер адамның денесі табылғанын айтқанбыз.

Енді құтқарушылар үйінділер астынан төрт аман қалған адам мен екі адамның денесін алып шықты.

Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер.

Айта кетейік, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде жарылыс болған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

EL.KZ
Бөлісу: