Жаңаөзенде қуаттылығы 900 млн текше метр болатын газ өңдеу зауыты салынады

19 Сәуір 2023, 10:35 1658

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын жою үшін бірқатар қабылданатын шараны атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл Жаңаөзен қаласында жалпы қуаттылығы 900 миллион текше метрлік жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Мұнай-газ химиясында жаңа жобалар іске асырылады. Қазіргі таңда қуаттылығы жылына 1,2 млн тонна болатын полиэтилен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы инвестиция көлемі 8,7 миллиард долларды құрайды, - деді Әлихан Смайылов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: