Жаңаөзенде перзентханадағы босанған әйелдер жылусыз қалды

11 Желтоқсан 2023, 11:00 825

Коммуналдық апат салдарынан Жаңаөзендегі перзентханада жаңа босанған әйелдер жылусыз қалды, дейді EL.kz ақарат агенттігі KazTag-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Босанған әйелдер суықта жылусыз жатыр. Тіпті оларға жылытқышты қолдануға рұқсат берілмей тұр.

Терезелерді көрпемен бітеп қойған. Мұндай салқынға шыдау мүмкін емес. Бұған дейін басқа палатада болдық, мұнда жылырақ болғандықтан, бізді осында ауыстырды. Әрі жылытқыш сұраған едік, перзентхананың электр кернеуі шыдамайтынын айтып, оны қолдануға тыйым салды. Мұнда жаңа туған нәрестелер мен жаңа босанған әйелдер жүр, – деді жаңаөзендік әйел.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 10 желтоқсанда сағат 5:15-те "МРЭК" ЖШС-не қызмет көрсететін қосалқы станциясы апатының кесірінен тоқтатылған мәлімдеді. Жаңаөзен қалалық ауруханасының автономды қазандығы істемей қалған.

Қаланың коммуналдық қызметтері, сондай-ақ энергетика министрлігінің апаттық қызметі электр генераторын қосты, сағат 10:30-да электр жарығы қосылды, перзентхананың қосалқы станциясында жөндеу жұмыстары жүргізілді, жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталды, перзентханада электр жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Перзентхана қалыпты режимде жұмыс істеуде, ондағы бөлмелердегі температура +22+25 градус, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, соңғы екі күнде ауа райына байланысты Степногорск, Екібастұз, Ақтау, Балқаш, сондай-ақ Теміртау мен Риддерде апат болды. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: