Келе жатқан Тауық жылына қызу дайындық қазірден басталып кетті. «Жаңажылдық дастарханға қандай салаттар қоямыз?» деп бас қатырып жүрген қыз-келіншектерге төмендегі салаттардың мәзірін ұсынамыз.
«Шырша» салаты
Құрамы: 1 тауық еті, 1 бас пияз, 400 грам шампиньон, 200 мл майонез, 3 жұмыртқа, 1 банка консервіленген жүгері, 100 грамм ірімшік, 2 буда асбұршақ, өсімдік майы, тұз, қара бұрыш, 1 қызанақ, 1 анар.
Қалай дайындалады?
Алма қосылған үйрек еті
Тауық жылы басталмай жатып, тауық етін жегеніміз әбестік болар? Сондықтан, жаңажылдық дастарханға үйрек етін қоялық.
Құрамы: үйрек еті, 3 алма, 1 лимон, 80 грамм қаймақ, тұз, даршын (корица), бұрыш, дәмдеуіштер, асбұршақ, көк пияз.
Қалай дайындалады?
Үйрек етін жақсылап жуып, кептіріңіз. Содан соң, үстіне жақсылап тұз, бұрыш және дәмдеуіштер себіңіз. Үйректің ішкі жағына төртбұрыштап туралған алма мен жұқалап кесілген лимонды салыңыз. Үйректің ашылып тұрған жерлерін тіс шұқитын таяқшамен түйреп, қаймақ жағыңыз. Етті табаға төңкеріп жатқызып, 1, 5 – 2 сағатқа дейін пісіріңіз. Еттің күйіп кетпеуін қадағалаңыз.
«Апельсин» салаты
Құрамы: 1 кесе күріш, 1 консервіленген балық, сарымсақ (кішкентай бөлігі), 1 алма, үккіштен өткізілген ірімшік (2 ас қасық), қуырылған жаңғақ (1 шай қасық), 3 сәбіз, майонез, тұз.
Қалай дайындалады?
Алдымен, күріш пен сәбізді қайнатып аласыз. сәбізді үккіштен өткізесіз. Консервіленген балықты ашып, тәрелкеге салып, шанышқымен майдалайсыз. Содан соң, балық пен күріш араластырасыз. Алманың қабығын аршып, үккіштен өткізіңіз. Оны да күрішке қосыңыз. Үккіштен өткізілген ірімшік, майдаланған сарымсақ және жаңғақты да салатқа қосыңыз. Одан соң, тұз бен майонез салып, жақсылап араластырасыз.
Ыдыстағы тағамды дөңгелетіп, апельсин формасына келтіріңіз. Дайын болған дөңгелектерді үккіштен өткізілген сәбізге аунатыңыз.