Жаңа жылдың бірінші күні елімізде 782 нәресте дүниеге келді

2 Қаңтар 2023, 17:20 1557

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Жаңа жылдың бірінші күні республиканың перзентханаларында 782 бала, 398 ұл және 384 қыз, оның ішінде үш жұп егіз дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мереке күні туған нәрестелердің ең көп саны тағыда Түркістан облысында тіркелді – 115 бала , екінші орында - оңтүстік мегаполис Алматы 83 балаға толықты және туу бойынша үшінші Шымкент қаласы, онда бірден 69 қазақстандық дүниеге келді.

Республиканың астанасында 1 қаңтар 60 баланың туған күні болады.

EL.KZ
Бөлісу: