Жаңа жылды бірінші рет Астанада қарсы аламын - министр

29 Желтоқсан 2023, 13:17 1248

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Министр жаңа жылды отбасымен бірге өткізбек. 

Жаңа жыл бұл – календарлық жаңа жылдың бастауы. Барлық мекемелерде, бізде де жылдың қорытындысы жасалынады. Жаңа жылға арнайы жоспарлар пысықталады. Дей тұрғанменен Оқу-ағарту министрлігі үшін оқу жылымыздың басы қыркүйектен басталып, мамырда аяқталады ғой. Сондықтан жылдың қорытындысы есебінде қабылданады. Барша халық сияқты біз де отбасымызбен бірге басып қосып, дастарқан басында жиналамыз. Бүгінгі жылдың ерекшелігі жылда Алматыда қарсы алушы едік. Биыл Астанада барлық отбасым жиналып жатыр.  Қызметіме байланысты бірінші рет Астанада жаңа жылды қарсы алатын боламын, - деді министр.

Сонымен қатар, министр мерекеге орай балаларына қандай сыйлық беретінін айтты.

Мен үшін балалардың сыйлығы жақсы оқығандары. Ал анасы мен әкесінің ең басты сыйлығы балаларымның айтуынша, «Әке, сіз биыл бірінші рет бізбен бір күн бойы қасымызда боласыз. Бұл ең үлкен сыйлық» деп жатыр, - деді Ғани Бейсембаев. 

Министр елордада өткен президенттік шыршаның ашылуына қатысып, Президенттің құттықтауын жолдады. 

Миражан Махан
Бөлісу: