Жаңа жылдан кейінгі мәзір: Көкөністер мен жемістерді барынша пайдалану

2 Қаңтар 2023, 20:20 2253

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Жаңа жылдық оливье мен «подшубойдан» кейін организмді жеңілдететін уақыт келді және жеңіл өсімдік рационына көшу өте пайдалы, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көкөністер мен жемістер – асқазан-ішек жолдарының жұмысында, май алмасуын қалыпқа келтіруде және холестеринді ағзадан шығаруда маңызды рөл атқаратын тағамдық талшықтың негізгі жеткізушілері.  

Тағамдық талшықтың негізгі функциялары: 

• Тазарту. Тағамдық талшықтар губка тәрізді зиянды қосылыстарды (токсиндер, су, ауыр металдардың тұздары, радионуклидтер) сіңіріп, оларды адам денесінің ішкі ортасынан тыс шығаруға бейім.  

• Ас қорыту. Тағамдық талшық ішектің қозғалғыштығын жақсартады, бұл ағзаға ыдырау өнімдерінен уақтылы арылуға көмектеседі.

• Иммуномодуляциялау. Талшық ішек микрофлорасын қалпына келтіруге белсенді қатысады, ол иммундық жасушалардың көп үлесі— 80%-дан астамы ішекте орналасқан.  

• Зат алмсасуды қалыпқа келтіру. Тағамдық талшықтың арқасында қандағы глюкоза мен «жаман» холестерин деңгейін айтарлықтай төмендетуге болады.  

• Артық салмақпен күресу. Тағамдық талшық организмді адам денсаулығы мен өміріне қауіпті жинақтардан ғана емес, сонымен қатар артық липидтер мен қанттардан тазартады, бұл салмақты азайтуға көмектеседі.  

• Тәбетті бақылау. Талшық асқазанды ісінген күйде толтыра отырып, адамды ұзақ уақыт ашығу сезімінен айырады.  

• Микробиотаға арналған тағам. Тағамдық талшықтар витаминдер, ферменттер, аминқышқылдары, иммуноглобулиндерді синтездейтін бірқатар ішек микроорганизмдері үшін тағамның бір түрі ретінде әрекет етеді.  

• Онкологиялық аурулардың профилактикасы. Егер сіз тағамдық талшыққа бай өнімдерді үнемі қолдансаңыз, сіз өзіңізді обырдан, әсіресе ас қорыту ағзаларының  обырынан сенімді түрде қорғай аласыз.

EL.KZ
Бөлісу: