Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы қанша пайызға өседі?

13 Қараша 2023, 11:36 3975

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік жәрдемақылардың түрлерін қанша көтеру жоспарланғаны туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік берген ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы инфляция 7 пайызға артады.

Еңбек министрлігіне мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің осы түрлері аударылды. Атап айтқанда, бұл:

- Мүгедектігі және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;

- №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

- Жерлеуге қажетті біржолғы төлем;

- Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

- Бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау;

- Арнайы мемлекеттік жәрдемақы;

- Төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

-  «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

- Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топтағы мүгедек адамды күтуді жүзеге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: