Жаңа уақыт белдеуі денсаулыққа қаншалықты әсер етуде? Министр жауап берді

11 Маусым, 12:30 703

Үкімет баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа уақыт белдеуі халықтың денсаулығына қаншалықты әсер етіп жатқаны жөнінде түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист министрден бүгінгі таңда бұрынғы уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция 50 мың қол жинағанын айтып, осы ретте министрдің көзқарасын сұрады.

Сағат белдеуіне қатысты мәселе бірнеше жылдан бері талқыланды. Бұл жұмысқа еліміздегі ғылыми орталықтар тартылды. Бұл шешім ғылыми деректерге сүйене отырып жасалынған деп айтуға болады. Сағат белдеуі өзгерген соң емханаларға немесе ауруханаларға түсіп жатқан науқастардың санын және басқамсын байқамадық. Сол себепті кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға толық негіз бар, – деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ министр мұндай шағым Шығыс Қазақстан облысынан түсіп жатқанын айтты.

Ол жақта күннің ерте шығуы, ерте батуы деген сияқты мәселе орын алып отырғаны белгілі. Ал денсаулыққа қатысты мәселе жоқ, – деді Ақмарал Әлназарова.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: