Жаңа сайланған Сенат депутаттары төсбелгілерін алды

25 Қаңтар 2023, 11:21 1601

ОСК отырысында Сенатқа сайланғандарға төсбелгі табыс етілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман 14 қаңтарда Сенат депутаттығына сайланғандарды атап өтті. Сенатқа 20 депутат сайланды. Олардың 17-сі ер адам, 3-і әйел, орташа жасы — 53,8 жас.

Олар: Сонымен сайланған 20 депутат төмендегідей:

Абай облысынан — Қайрат Құлбайұлы Тастекеев;

Ақмола облысынан — Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов;

Ақтөбе облысынан — Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов;

Алматы облысынан — Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев;

Атырау облысынан — Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев;

Батыс Қазақстан облысынан — Арман Кәрімұлы Өтеғұлов;

Жамбыл облысынан — Сәкен Қаланұлы Арубаев;

Жетісу облысынан — Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов;

Қарағанды облысынан — Серік Балғатайұлы Өтешов;

Қостанай облысынан — Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов;

Қызылорда облысынан — Руслан Рүстемов;

Маңғыстау облысынан — Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров;

Павлодар облысынан — Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов;

Солтүстік Қазақстан облысынан — Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова;

Түркістан облысынан — Мұрат Болатұлы Қадырбек;

Ұлытау облысынан — Советбек Тұрсынұлы Медебаев;

Шығыс Қазақстан облысынан — Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов;

Астана қаласынан — Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай;

Алматы қаласынан — Жанна Бейсентайқызы Асанова;

Шымкент қаласынан — Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.

Сайлау кезінде бір орынға орта есеппен 6-дан үміткер таласты. Ал сайлауға жалпы 130 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 55 кандидат тіркеліп, дауыс беру кезеңінен өткен болатын.

Бүгінгі отырыста сайланған депутаттарды тіркеу туралы қаулы қабылданды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: