Жақында ғана Мәжіліс депутаты мандатып тапсырып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденов шаһардағы құрылыс компаниялары басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында қалада құрылыс салу талаптарын сақтау, абаттандыру мәселелері талқыланып, ұсыныстар айтылды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша бүгінде қала аумағын абаттандыру, құрылыс салу барысында тазалық сақтау жұмыстарын күшейту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары құрылыс компанияларына осы талаптарды сақтау қажет екенін атап өтті.
Руслан Арысбекұлы құрылыс компаниясы басшыларына қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, жаңа жобаларды іске асыру мақсатында құрылыс кеңесі құрылатындығын жеткізді. Құрылыс компаниялары басшылары бұл шешімді бірауыздан қолдаған көрінеді.