Жаңа қызметке тағайындалған Ерлан Тұрғымбаев Ташкентте не істеп жүр?

25 Сәуір 2023, 20:53 1135

Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы аймақтық құрылымында кеңесші болып жұмыс істеп жүр.

Бұл туралы Nege порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевқа қарсы қылмыстық іс жоқ екенін мәлімдеді.

Порталдың Ішкі істер министрлігіне жолданған сауалына «Тұрғымбаевтың Сыртқы істер министрлігіне іссапарға жіберілгені» туралы жауап келген. Бұл мәліметті ҚР СІМ де растаған.

ҚР Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 08-1-1-1/375 бұйрығымен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызмет персоналының қызметі туралы ақпарат (лауазымының, құрылымдық бөлімнің, ұйымның, оның атауы және т.б.) дербес деректерге жатады, - делінген мәліметте.

Осылайша экс-министр қазір Ташкентте жүр.

Бұл ұйым 2002 жылы Санкт-Петербургте өткен ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының жиынында құрылған. Негізгі қызметі – терроризм, экстремизм, сепаратизммен, аймақтық және глобалды деңгейде күрес. Ұйымның штаб-пәтері Ташкентте орналасқан. Төрағасы – Руслан Мирзаев.

EL.KZ
Бөлісу: