Жаңа министрлер адал қызмет етуге ант берді

11 Қаңтар 2023, 09:24 2763

Үкімет аппаратының кеңейтілген отырысы басталды

Мемлекет басшысының жарлығымен Премьер-министр кеңсесі Үкімет аппараты болып қайта құрылды. Осы ретте жаңа кадрлар тағайындалды. Кезекті Үкімет отырысында қызметін қабылдаған өкілдер ант қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан республикасының Үкіметі туралы заңға сәйкес Азамат Есқараев, Марат Қарабаев, Зульфия Сүлейменова, Ғани Бейсенбаев, Асхат Оралов өздеріңіз жаңа қызметтерінің бағыты бойынша Президент және халыққа адал қызмет етуге ресми түрде ант етті.

Үкімет отырысында мемлекеттің күн тәртібіндегі негізгі екі мәселе бойынша өткізіледі. Олар: 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы және халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: