«Жан дүнием жылап тұр». Мақпал Исабекова отбасындағы қиындықтар жайлы айтты

2 Ақпан, 10:17 6087

Әнші Мақпал Исабекова отбасындағы қиындықтардан кейін, психологтың қабылдауында болғанын айтты,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына күйеуі екеуінің тіл табыса алмай жүргенін жеткізді.

Психолог қабылдауынан кейін көп жыладым, жан дүнием де жылап тұр. Оған себеп күйеуім екеуіміздің бір-бірімізді түсінбейтініміз. Отбасылық өмір дегеніміз өзара байланысты жоғалтпау. Бізде бұл орындалмайтыны қиын-ақ. Кикілжің кезінде мен айқайлап, сабырға келе алмай қаламын. Ер азаматым мені ұмытып кететіндей.  Елемеу, қалауымды жоққа шығару, уайым барлығы ашық әңгімеден мені алшақтатады, - деп жазды Мақпал Исабекова.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 2021 жылы тұрмысқа шыққан еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: