«Жан дүнием арзан нәрселерді менсінбейді». Дариға Бадықова өзін сынайтындарға жауап берді

2 Қыркүйек, 14:32 1598

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзін сыйнайтын оқырмандарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол жаңа заман балаларының ойлау деңгейі бөлек екенін айтады.

Жаңа дәуірдің балалары болған соң, олардың түсінігі бөлек. Маған «2 миллиард жинаған актрисасың ғой, ерніңді, көзіңді, қасыңды жасатпайсың ба?» деп жиі айтады. Енді бойжеткен қыз болғаннан кейін олардың өмір сүру әдісіне сыйластықпен қарау керек. Бірақ мен өзім өзгеруге қорқады екенмін. Мұрын жасатуға 3 ай кетеді екен. «Актрисалардың ішіндегі былай жүретін адамсың ғой» дейді маған. Менің былай жүрмей-ақ көзге түсіп қала беретін әдетім бар. Сондықтан ойбай мен көрінуім керек деп тырыспаймын да, қысылмаймын да. Бір жерге баратын болсам да қоразға ұқсап киінгім келмейді. Менде бәрі талғаммен, – деп жауап берді актриса.

Сонымен қатар, актриса арзан заттарды менсінбейтінін ашық айтты.

Менің табиғатым элегантностты қалайды. Көзге көрініп тұратын киім, арзан шаш үлгісі, әшекей етіп тағатын сырға дегендерді қаламайды екен. Жан дүнием арзан нәрселерді менсінбеді. «Менсінбеймін, болды» деді. Бұл – менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар, қайдасыздар? – деді Дариға Бадықова.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: