Жәмила Бақбергенова Венгриядағы турнирде топ жарды

8 Маусым, 16:17 338

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан рейтингілік турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ол 72 келі салмақта жеңіске жетті. Финалда ол жергілікті балуан Ноэми Сабадоштан басым түсті. 

Осы салмақтағы тағы бір өкіліміз Гүлмира Еркебаева қола жүлдегер атанды. 

59 келідегі Диана Каюмова күміске иелік етті. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: