Алмас Байжанов бұған дейін электр көзін жалғайтын энергетика саласының маманы болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бір жыл бұрын өз шеберханасын ашты. Бүгінде қолынан шыққан домбыра саны 500-ге жетеді.
Жақсы домбыра шығу үшін жаның таза болу керек. Домбыраны шын көңілмен бастап, ақшаға емес, тапсырыс берушінің сенімін ақтау үшін жасасаң бәрі дұрыс болады. Жалпы домбыра жасау үшін 2-3 күн кетеді, - дейді шебер.