Жамбылдық полицейлер Сарысу ауданындағы төтенше жағдай салдарын жоюға көмектесуде

8 Шілде, 22:40 607

Жауын-шашын салдарынан Жаңатас қаласында 400 астам нысан мен 47 үй су астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин және бөлініс бастықтары жедел түрде барды.

Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарға барлығы 242 адам, 54 бірлік техника, 24 мотопомпа және 1 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Полиция департаментінің 137 қызметкері мен 32 бірлік техникасы тартылды.

Полиция қызметкерлері елді мекендерде құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалап, су басқан үйлердегі мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялауға қатысуда.

Одан бөлек, бекітілген учаскелерде патрульдеу жүзеге асырылуда. Сел тасқыны облыстық маңызы бар "Жаңатас-Саудакент" автожолының учаскесіне зақым келтірді. ПД күшімен қоршау қойылып, елді мекендерге кіру балама жол арқылы қамтамасыз етілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар департамент басшылығының тікелей бақылауында. 
 
Зарина Арман
Бөлісу: