Жамбылда саңырауқұлақ теруге шыққан әйел адасып кетті

12 Мамыр, 21:06 724

Жамбыл облысында саңырауқұлақ теру үшін таулы жерге барған әйел адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Жуалы ауданында болған. 1964 жылы дүниеге келген әйелдің жоғалып кеткені туралы хабарламаны алған бойда ТЖД қызметкерлері іздеуге шыққан. 4 сағаттан кейін 60 жастағы тұрғын табылды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Зарина Арман
Бөлісу: