Жамбылда орташа жөнделген 112 жолдың кепілдік мерзімі көрсетілмеген - антикор

19 Қыркүйек, 06:29 428

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарының құрылысын қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Агенттік ақпаратына сүйенсек, Жамбыл облысында 2020-2024 ж.ж. жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 112 жолды орташа жөндеу жөніндегі шарттарда міндетті кепілдік мерзімдері көрсетілмеген. Бұл мердігерлерге ықтимал ақауларды жою үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік берген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тапсырыс берушілер мердігерлермен қосымша шарттар жасасты. Аталған объектілер бойынша кепілдік мерзімдерін екі жылға белгіледі. Бұдан басқа тоғыз ауылдық округтің әкімдері автомобиль жолдарын салу нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кепілдік мерзімдерін белгілеу орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Себебі осы кезеңде мердігерлер анықталған ақауларды өз есебінен жоюға міндетті болады,-делінген агенттік мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: