Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды

29 Шілде 2022, 10:12 2742

Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы Қордай ауданында көз жұмған шекара қызметі офицеріне қатысты тексеру жүргізеді, деп хабарлайды El.kz
ҰҚК мәліметінше, 2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болған. Өлімнің алдын ала себебі - миға қан кету.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.

Бөлісу: