Аталған өңірлерде шоғырланған шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау мақсатында фитосанитариялық іс-шаралар белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
907,09 мың гектар жерге зерттеу жүргізіліп, оның ішінде 7 дрон пайдаланылды. Зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 456 мың гектарды құрап, оның 354 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асты.
Қазіргі таңда 348 мың гектар жер өңделді: Жамбыл облысында — 14 мың, Түркістан облысында — 335 мың гектар.
Күрес шараларын тиімді жүргізу үшін 207 жер үсті бүріккіш техника, 5 ұшақ, 8 дрон және 1 000-нан астам маман жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстары агротехникалық мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.
Биыл шегіртке зиянкестерінің таралуы 2,1 млн гектар аумақта болжанып отыр — бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Химиялық өңдеуге 443 бүріккіш техника мен 46 дрон тарту көзделген.
Өңірлерде жедел штабтар құрылып, іс-шаралар жоспары мен Жол карталары бекітілді. Бұл — зиянкестердің таралу қаупіне жедел әрекет етуге және жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.
Зиянкестерге қарсы күрес шаралары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.