Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді

26 Шілде 2023, 13:01 852

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы үйінің ауласында қарасора өсіріп, есірткі құралын сақтаған 45 жастағы азаматты ұстады.

Оқи отырыңыз:

«Қарасора – 2023» және «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шаралары кезінде күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жасалды. Соның нәтижесінде үйдегі картон қораптан жалпы салмағы 36 грамм кептірілген марихуана, ал бақшадағы егілген жүгерінің арасынан жалпы салмағы 36,1 келі 125 түп қарасора табылды.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаевтың айтуынша, ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: