ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 1 сәуір күні сағат 11:14-те жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2.
MPV магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б.
Тереңдігі – 25 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке ауылында 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде.