Жамбыл облысының бір ауданында 52 көше жөндеуден өтті

14 Қаңтар, 17:28 990

Жамбыл облысында былтыр Талас ауданы бойынша елді мекендердің көшелерін жөндеу бағытында көптеген жұмыстар атқарылғаны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Аудан әкімдігінің ақпаратына сәйкес, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үшарал және Ойық ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 15,65 шақырымды құрайтын 21 көшені жөндеуге 670 млн. теңге қаражат бөлініп, орта жөндеу жұмыстары мерзімінде толығымен аяқталған.

Сондай-ақ, Кеңес ауылдық округіне қарасты Бөлтірік шешен ауылындағы Нұралы көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілген. Бұдан бөлек, Майтөбе ауылындағы Б.Момышұлы, Есейхан ауылындағы А.Омарұлы, Қараой ауылындағы Байжан, Қасқабұлақ ауылындағы Тамды әулие және Бейбітшілік, Тамды ауылындағы Жубаева, Көктал ауылындағы Есейхан көшелерінің жол төсемі жөндеуден өткен.

Есепті кезеңде аудан орталығы Қаратау қаласындағы ұзындығы 16,8 шақырымды құрайтын 6 көшеге (Қ.Сатпаев, А.Байтұрсынұлы (бұрылысымен), М.Есжанұлы, Е.Өмірұлы, Қ.Тоқтыбайұлы, Қ.Жарқынбеков) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал, аудан орталығындағы Б.Момышұлы мен Шахтер көшесі қайта жаңғыртудан өтіп, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда Қаратау қаласына және Қызыләуіт ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтіп, қиыршық тас төселген.

Оған қоса, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың үнемделген қаржы есебінен Бостандық, Ақкөл және Ойық ауылдарында ұзындығы 3,65 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеуден жұмыстары жүргізілген.

Жансая Әділбек
Бөлісу: