Жамбыл облысының алты ауданында ТЖ ресми жарияланды

22 Тамыз 2023, 15:57 1001

Жамбыл облысында суармалы судың жетіспеушілігі және аптап ыстыққа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл режим Байзақ, Жамбыл, Қордай, Мерке, Талас аудандары мен Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда жарияланды. Қазіргі таңда үкіметте жергілікті фермердердің шығынын жабу үшін төтенше резервтен қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: