Жамбыл облысының кәсіподақ орталығы мен ҚХА «Қоғамдық келісім» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

15 Қараша 2018, 03:11 2071

Тараз қаласында Жамбыл облысының «Кәсіподақтар аймақтық қауымдастығының» ғимаратында салтанатты түрде Медиация кабинеті ашылды.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және «Жамбыл облысының кәсіподақ орталығы» арасында ҚР «Медиация туралы» Заңын дамыту мақсатындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Медиация кабинетінде облыс және кала тұрғындары тұрақты түрде жоғары сапалы, әрі тегін көмек алуға қол жеткізілді. Бұдан былай аймақ тұрғындары өз дау-дамайларын сотқа шағымданбай, осы жерден немесе үйінен шықпай-ақ шешуіне болады.

«Медиация қызметі келіссөздердің табысты болуына, келісімдердің еш дау-дамайсыз шешілуіне тікелей себепкер ретінде Қазақстан қоғамына өз үлесін тигізер күшке айналуы тиіс. Кәсіподақ орталығында медиацияның әлеуетін пайдалану біздің қаламыздағы «Медиация туралы» Заңды насихаттау алаңы болып табылмақ», - деп атап өтті өз сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы ранохон Ұбайдоллаева.

Бөлісу: