Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін жасанды құрылыстарға еш зақым келген жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісі туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты жолшылар ықтималды әсер ету аймағындағы инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты.
Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы 5 жол айрығы, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпір егжей-тегжейлі тексеріліп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізілді.